ШЫМКЕНТ: ​А-2 автомобиль жолын қайта жаңарту қажеттілігіне байланысты қазу жұмыстары жалғасып жатыр

0
80


ШЫМКЕНТ: ​А-2 автомобиль жолын қайта жаңарту қажеттілігіне байланысты қазу жұмыстары жалғасып жатыр

А-2 автомобиль жолы – еліміздің Оңтүстік-Шығыс, Батыс өңірлері мен Түркістан облысына бағытталған негізгі көлік ағынын қамтамасыз ететін стратегиялық маңызы бар бағыт. Бұл жолдың қайта жаңартылуы – Шымкент қаласының көлік жүйесін жаңғыртудағы маңызды қадам.

Қазіргі таңда А-2 жолын 6 жолақты етіп кеңейту бойынша қайта құру (реконструкция) жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында Қазығұрт және Құрсай шағынаудандары аумағында инженерлік желілерді жаңарту жұмыстары қолға алынған. Бұл – жер асты инфрақұрылымын толық жаңарту қажеттілігіне байланысты қазу жұмыстарынсыз мүмкін емес.
Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрай отырып, тұрғындардан түсіністік танытуды сұраймыз. Барлық жұмыстар – қала тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін, болашақта сапалы жол қатынасын қамтамасыз ету мақсатында атқарылуда.
Бөлісу