ШЫМКЕНТ: 700 грамм салмақпен туған сәби өмірі үшін 109 күн күресті

0
136

Анасының жүктілігі ауыр өтіп, түрлі асқынулар байқалған.


ШЫМКЕНТ: 700 грамм салмақпен туған сәби өмірі үшін 109 күн күресті

Шымкент қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлері жүктіліктің 24 аптасында, мерзімінен ертең келген сәбидің өмірін сақтап қалды.

Туған кездегі салмағы небәрі 700 грамм болған нәресте бірнеше айлық ем мен күтімнен кейін үйіне шығарылды.

Сәби 2026 жылдың 9 қаңтарында дүниеге келген. Анасының жүктілігі ауыр өтіп, түрлі асқынулар байқалған. Бірден қалалық перинаталдық орталықтың жаңа туған нәрестелер реанимациясы және қарқынды терапия бөліміне ауыстырылған шақалаққа шала туу, тыныс алудың бұзылуы және экстремалды төмен салмақ диагноздары қойылған.
Дәрігерлер мен мейіргерлер бірнеше ай бойы сәбиге тәулік бойы күтім жасап, қажет ем шараларын жүргізді. 94 күн реанимацияда, одан кейін 15 күн жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінде ем қабылдады.
Нәтижесінде сәбидің жағдайы жақсарып, салмағы 2460 граммға жетті. Қазіргі таңда ана сүтімен қоректеніп, салмақ қосып келеді.
Анасына сәбидің күтімі толық үйретіліп, нәресте өмірінің 109-күні үйіне шығарылды.
Бөлісу