Шетелдік әйел Шымкент қаласында босанды ​

0
408

Уақытынан ерте босанған әйелді шымкенттік дәрігерлер босандырып алып, сәбиіне күрделі ота жасаған.


Шетелдік әйел Шымкент қаласында босанды ​
Шымкент қаласындағы перинаталдық орталық дәрігерлері толғағы қысқан Украиналық азаматшаны босандырып, сәбиіне күрделі ота жасады.
Барлық медициналық шаралар міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында тегін көрсетілді.
Щебетун Диана 20-сәуір күні толғағы басталып, жедел жәрдем қызметімен қаладағы перинаталдық орталыққа жеткізілген. Сәби мерзімінен бұрын 33 аптасында дүниеге келді. Толық медициналық тексеруден өткізген жергілікті дәрігерлер нәрестеге «өңештің артрезиясы» диагнозын қойып, күрделі ота жасады. Өңештегі туа біткен ахауды хирургиялық жолмен емдеу операциясы сәтті өтті.
1700 грамм салмақпен туылған ұл бала бүгінде салмақ жинап, 2 келіден асты. Денсаулығы жақсарған анасы мен баласын перинаталдық орталық дәрігерлері бүгін үйіне шығарды.
йта кетейік, Украинадан келген азаматша Щебетун Диананың мамандығы дәрігер. Ал жолдасы «Қызылжар» футбол клубының ойыншысы. Диана жолдасымен бірге Шымкентке жұмыс бабымен келген. Шымкеттегі жұмыс сапарында жүкті әйелдің мерзімінен бұрын толғағы басталып, перзентханаға жеткізілген болатын.
Өзге елден келген азаматша баласын босандырып, күрделі операцияны сәтті жасап шыққан дәрігерлерге алғысын білдірді.