Шара бағдарламасы шеңберінде кибершабуылдар және цифрлық сауаттылық тақырыптарына арналған баяндамалар жүргізіліп, қатысушыларға сыйлықтар ұтысы ұйымдастырылды.
фото: видеодан скрин
ERNUR.KZ. Шымкент қаласы Цифрландыру басқармасы мен Shymkent Hub ұйымдастыруымен 1 маусым Балалар күніне орай қала мектептері оқушылары үшін мазмұнды әрі танымды іс-шара өткізілді.
Іс-шараның алғашқы бөлімінде офлайн режимінде екі мектептің 45 оқушысы қатыстырылса, сондай-ақ, өңірдегі 90-нан астам мектеп оқушылары онлайн трансляция арқылы қосылды.
Шара бағдарламасы шеңберінде кибершабуылдар және цифрлық сауаттылық тақырыптарына арналған баяндамалар жүргізіліп, қатысушыларға сыйлықтар ұтысы ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, робототехника бағыттарында таныстырылымдар өтті және жастарға цифрлық дағдыларды меңгеруге ынталандыру мақсатында қызықты іс-шаралар жүргізілді.