«Мейірімділік – асыл қасиет»: Шымкентте акватерапиялық іс-шара ұйымдастырылды

0
393


«Мейірімділік – асыл қасиет»: Шымкентте акватерапиялық іс-шара ұйымдастырылды

Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мейірімділік – асыл қасиет» атты акватерапиялық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында, Alpen park демалыс аймағында өткен кезекті терапияға жалпы 35 бала қатысты. Жастар ресурстық орталығының психологтары балалардың көңілін көтеріп, негативті ойлардан арылуына, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпалын тигізді.
Сонымен қатар, Жастар ресурстық орталығы қаланың дағдарыс орталықтарының тәрбиеленушілері мен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балаларына психологиялық көмек беру мақсатында, әр айда арнайы іс-шаралар өткізіп тұрады. Жаз маусымында акватерапия іс-шарасы жоспарланған.
Жастар ресурстық орталығы психология бөлімінің басшысы Айгүл Қанатқызының айуынша, бұл іс-шараның маңызы өте зор. Акватерапия балалардың өсіп жетілуіне, мейірімді болуға, сыйластық пен кеңпейілділікке тәрбиелейді.
Акцияның мақсаты өскелең ұрпақтың бойына қамқорлық, үлкенге деген сыйластық сынды ізгі амалдарды сіңіре білу.

Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Қайырымдылық жасау әр адамның қолынан келетін іс.

Кезекті терапия барысында балалар суға түсіп, түрлі ойындар мен мейірімділік, жақсылық жайлы, салауатты өмір салтын ұстануға, оның мағынасы бойынша талдау жасалды.
Сондай-ақ, ТЖД қызметкерлері жасөспірімдерді суға жүзуге үйретті. Іс-шараға кәсіпкерлер мен ҮЕҰ өкілдері демеушілік етті.
Бөлісу