Қызғалдақтар қаласы: ​Шымкентте халықаралық суретшілер симпозиумы өтеді

0
85


Қызғалдақтар қаласы: ​Шымкентте халықаралық суретшілер симпозиумы өтеді

Қала күні мерекесіне орай 18–21 маусым аралығында Шымкентте алғаш рет халықаралық суретшілер симпозиумы өтеді.

Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Түркия және еліміздің түкпір-түкпірінен келген қылқалам шеберлері, 4 күн бойы Шымкенттің көрікті жерлерін майлы бояумен бейнелейді. ⠀

21 маусым күні симпозиум аясында жасалған туындылар Пушкин атындағы әмбебап кітапханада өтетін көрмеде көрермендер назарына ұсынылады.
Шымкенттің ерекше табиғаты мен мәдениетін өнер арқылы танытатын бұл ерекше шараны қада тұрғындары мен қонақтары тамашалай алады.
Бөлісу