Қазылар алқасының төрағасы – «Отан» орденінің иегері, қазақ айтыс өнерінің абызы Жүрсін Ерман.
Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен Қала күні мерекесіне орай өтетін «Шырайлы, шежірелі құтты мекен...» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.
Ақындар айтысы 20 маусым күні сағат 10:00-да «Түркістан» сарайында өтпек.
Дүбірлі додада еліміздің белгілі айтыскер ақындары: Нұрмат Мансұр, Жансая Мусина, Иран-Ғайып Күзембаев, Дидар Қами, Ержан Әміров, Серік Қуанған, Рауан Қайдар, Қайырхан Жұбаниязов, Біржан Байтуов, Қажымұқан Абзалов, Мейіржан Жақып және Нұрмахан Жақыпбек бақ сынайды.
Айтысты Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, белгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтай жүргізеді.
Қазылар алқасының төрағасы – «Отан» орденінің иегері, қазақ айтыс өнерінің абызы Жүрсін Ерман.
Ұлтымыздың ұлылығы мен сөз өнерінің құдіретін дәріптейтін рухани кешке кіру тегін.


