«Халықпен бірге!»: Әлеуметтік салада атқарылған жұмыстар бойынша басқарма басшысы есеп берді

0
119


«Халықпен бірге!»: Әлеуметтік салада атқарылған жұмыстар бойынша басқарма басшысы есеп берді

«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының 16 тармағының ішінде 14-і тікелей Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жүктелген. Әлеуметтік салада атқарылған жұмыстар бойынша басқарма басшысы Жанат Өтебаева партияның қалалық филиалында есеп берді.

2025 жылға жұмыспен қамту жоспары – 18 мың адам. 1 шілдеге дейін 12 497 адам қамтылып (69,4%), 4 688 адам тұрақты жұмысқа, 3 662 адам онлайн оқуға, 1 589 адам кәсіпкерлік оқуға жолданды. Қалада 2 614 жаңа жұмыс орны құрылды.
Әлеуметтік қолдау бағытында 4 172 отбасы атаулы көмек алды, 109 отбасы тұрғын үй көмегіне ие болды. «Бақытты жанұя» орталығының базасында 5 032 отбасыға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетілді.
Ардагерлерді қолдау шеңберінде 1 270 адамға санаторийлік жолдама берілді. Кеңейтілген «Ізетті зейнеткер» орталығында бүгінде 906 ардагер қамтылған.
Қаржы тапшылығына байланысты 150 орындық оңалту орталығының құрылысы 2026 жылдың соңына шегерілді.
2025 жылы 160 әлеуметтік нысанға пандус орнату көзделген. Бекітілген жоспар бойынша 277 нысан бейімдеуден өтпек.
Қалада 4 «Белсенді ұзақ өмір» орталығы жұмыс істейді. Биыл Абай ауданында жаңа бөлімше ашу көзделіп отыр.
«Бақытты жанұя» орталығы «Отбасын қолдау орталығы» болып өзгертіліп, төрт ауданда бөлімшелер ашу мәселесі қаралуда. Орталық арқылы 5 032 отбасыға 9 064 түрлі әлеуметтік қызмет көрсетілді.
Басқарма негізгі көрсеткіштердің басым бөлігін орындап отыр. Десе де, кей жобаларды жүзеге асыру үшін қаржы тапшылығы кедергі болуды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіштерді жақсарту басқарманың басты міндеттерінің бірі.
Бөлісу