Симпозиумға Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей елдерінен және еліміздің түрлі өңірлерінен келген танымал қылқалам шеберлері қатысады.
ERNUR.KZ. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қала әкімдігінің ресми өкілі Сәрсен Абайұлы Құранбек 19 маусым – Қала күні меркесіне орай жоспарланған іс-шаралар туралы мәлімдеді.
Сонымен қатар, 21 маусым күні Түркістан сарайында республикалық деңгейдегі ақындар айтысы өтеді. «Шырайлы, шежірелі құтты мекен» атты сөз сайысына еліміздің 8 өңірінен 12 суырыпсалма ақын қатысады. Ұлттық мұра мен елдік мәселе қатар өрілетін бұл додада бас жүлде иегеріне автокөлік табыстау жоспарланған. Айтыс Шымкенттің мәдени өміріне серпін беріп, ақындық өнерге бетбұрыс жасайды деп күтілуде.