Медбике мамандығы – үлкен жауапкершілік пен мейірімділікті талап ететін абыройлы қызмет.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау жүйесінде бүгінгі таңда 11 500 орта буын медицина қызметкері еңбек етеді.
Оның ішінде 8 500 маман мемлекеттік медициналық ұйымдарда, ал 3 000 қызметкер жекеменшік емдеу мекемелерінде халық денсаулығын сақтау жолында қызмет атқаруда.
Медицина саласындағы кадрлық әлеуетті нығайту мақсатында Шымкент қаласының Жоғары медициналық колледжінің қосымша білім беру бөлімінде жыл сайын 2 500 орта буын медицина қызметкері біліктілігін арттыру курстарынан өтеді. Оның 1 150-і жергілікті бюджет есебінен оқытылады.
Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап Шымкент қаласында мектеп медбикелерін арнайы сертификаттау курстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Бұл бастама алғашқы медициналық-санитарлық көмектің сапасын арттырып, балалар денсаулығын қорғауды күшейтуге бағытталған.
Медбике мамандығы – үлкен жауапкершілік пен мейірімділікті талап ететін абыройлы қызмет. Ақ халатты абзал жандардың кәсібилігі мен жанашырлығы адам өмірін сақтауда маңызды рөл атқарады.


