​KGIR-2025: ШЫМКЕНТТЕ 449,4 МЛРД ТЕҢГЕГЕ 5 ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

0
122


​KGIR-2025: ШЫМКЕНТТЕ 449,4 МЛРД ТЕҢГЕГЕ 5 ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

ERNUR.KZ. Бүгін Астанада Жаһандық инвестициялар бойынша форум өтіп жатыр. Биылғы кездесу «Трансформация дәуіріндегі жаңа шешімдер: Қазақстан – тұрақты экономикалық дамудың орталығы» тақырыбында ұйымдастырылды. KGIR-2025 форумына 40 елден 700-ден астам қатысушы, соның ішінде мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды өкілдері, трансұлттық корпорациялардың басшылары, ірі инвесторлар, сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар мен халықаралық ұйымдардың, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері жиналды. Кездесу барысында әлемдік нарықтың ағымдағы үрдістері мен олардың инвестициялық стратегияларға әсері, сондай-ақ халықаралық капиталды тартуда инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқылануда.


Дөңгелек үстел аясында Шымкент қаласында іске асырылатын құны 449,4 млрд теңгеге 5 инвестициялық жобаға қол қойылды. Атап айтқанда:

“ Ауыл шаруашылығы министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі, «FabeAgro» ЖШС компаниясы арасында Шымкент қаласында заманауи жылыжай кешенінің құрылысы инвестициялық жобасын жүзеге асыру бойынша үшжақты келісім, жоба құны 68 млрд теңге;
-Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі, «Shaanxi Construction Kazakhstan Co., Ltd» ЖШС компаниясы арасында Шымкент қаласында тұрмыстық қалдықтарды жағу арқылы электр энергиясын өндіру инвестициялық жобасын жүзеге асыру туралы үшжақты келісім, жоба құны 55 млрд теңге;