Бүгін Шымкент қаласындағы №2 Оқушылар сарайында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ерекше іс-шара өтті.
ұлттық науқаны аясында ұйымдастырылған бұл жиын «Балалар үні» тақырыбымен өткізілді.
«Балалар үні» – тек мерекелік жиын ғана емес. Бұл – бала тілегіне деген құрметтің, олардың пікірін бағалайтын, тең мүмкіндік беруге ұмтылатын қоғамның белгісі. Баланың үні – тыныштық пен бейбітшіліктің, даму мен жарқын болашақтың үні.
Іс-шара барысында балалар танымал спортшылармен, мәдениет және өнер саласының өкілдерімен кездесіп, сұқбаттасуға мүмкіндік алды. Бұл кездесулер балаларға шабыт беріп, олардың армандарын жүзеге асыру жолында сенім ұялатты.
Бала – болашақтың дауысы. Бүгінгі баланың күлкісі мен үміті – ертеңгі Қазақстанның кемел келбеті.