​ҚАЗАҚ САХНАСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚОЙЫЛЫМ: «РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТА» ОПЕРАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

0
19

Театр директоры Майра Мухамедқызы әлемдік операның театр репертуарына енгізілуі жаңа маусымның маңызды мәдени қадамы деп атап өтіп, қойылымның көркемдік бағыты жөнінде ақпарат берді.


​ҚАЗАҚ САХНАСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚОЙЫЛЫМ: «РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТА» ОПЕРАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қалалық опера және балет театрында Шарль Гуноның «Ромео мен Джульетта» операсы алғаш рет қазақ сахнасында қойылуына байланысты Бақ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға театр директоры Майра Мухамедқызы, қоюшы режиссер Янис Коккос, балетмейстер Натали Ван Парис және костюм дизайнері Сабира Даулеталиева қатысып, операның дайындық кезеңі және премьера барысы туралы кеңінен ақпарат беріп Бақ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Театр директоры Майра Мухамедқызы әлемдік операның театр репертуарына енгізілуі жаңа маусымның маңызды мәдени қадамы деп атап өтіп, қойылымның көркемдік бағыты жөнінде ақпарат берді. Қоюшы режиссер Янис Коккос әлемдік классиканың қазақ сахнасындағы жаңаша сахналық тілі мен эмоциялық кеңістік құруға бағытталған режиссерлік шешімдері туралы әңгімеледі. Оның айтуынша, Шекспирдің мәңгілік шығармасындағы драматургия, кейіпкерлердің сезімдік қақтығыстары мен Гуно музыкасының үйлесімі бүгінгі көрерменге жаңаша әсер қалдырады.
Балетмейстер Натали Ван Парис балет труппасының дайындығы, пластикалық композициялар және сахналық қозғалыстар туралы айтып, операдағы хореографияның музыкамен тығыз байланыста болуына тоқталды. Оның айтуынша, дайындық барысында елеулі қиындықтар болмаған.
Айта кету керек, Ш. Гуноның «Ромео мен Джульетта» операсы Қазақстан сахнасында тұңғыш рет қойылуда. Премьера 25–26 және 28–29 қараша күндері Шымкент қалалық опера және балет театрында өтеді.
Бөлісу