Қала күніне орай тұрғындарға пәтер кілттері табысталды

0
154

Наурыз алаңында өткен “Otbasy Fest” мерекелік іс-шарада қала тұрғындарына пәтер кілттері табыс етілді.


Қала күніне орай тұрғындарға пәтер кілттері табысталды

фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Айта кетейік, Отбасы банк тарапынан «Қамқор» өңірлік бағдарламасы іске қосылған болатын. Қала тұрғындары бағдарлама бойынша жеңілдетілген несиемен белгілі құрылыс компаниялары тарапынан баспанамен қамтылуда.

Қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Н. Жүнісбеков, «Отбасы банк» АҚ ауылдық аумақтарды дамыту және сату департаментінің директоры Г. Датқаева және жергілікті құрылыс компанияларының өкілдері қуаныш иелерін жаңа қоныстарымен құттықтап, жалпы 20 азаматқа пәтер кілттерін табыс етті.
Тұрғын үйлер инфрақұрылымы дамыған елдімекендерде орналасқан. Қазіргі таңда аталған «Қамқор» өңірлік бағдарламасы тұрғындардың баспаналы болуында бірегей жобалардың бірі. Шымкент қаласы әкімдігінің өңірлік бағдарламасы арқылы 368 тұрғын пәтермен қамтылды.

Салтанатты кеш Қала күніне орайластырылған танымал эстрада жұлдыздарының концертіне ұласты.