2025 жылы Шымкентте 26 713 балаға туу туралы куәлік берілген

0
149

Шымкентте жаңа туған сәбилерге қойылған ең ерекше есімдер аталып, демографиялық статистикамен бөлісті


2025 жылы Шымкентте 26 713 балаға туу туралы куәлік берілген

Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы жаңа туған сәбилерге қойылған ең ерекше есімдердің рейтингін жасап, азаматтық хал актілерін тіркеу қорытындылары бойынша қызықты статистикамен бөлісті.

2024 жылы Шымкент қаласында 7 434 неке тіркеліп, 28 645 сәби дүниеге келді, ал 2025 жылы 7 335 неке тіркеліп, 26 713 туу тіркелді.
Сандық көрсеткіштермен қатар, филиалда ата-аналардың балаларына қойған ерекше есімдеріне назар аударылды. Жыл соңына қарай ұл балалар арасында Арусұлтан, Ақселеу және Хақназар, ал қыз балалар арасында Сағым, Сүйкімді және Нұрана есімдері ерекшеленді.
Қазіргі уақытта ұл балаларға қойылатын ең танымал есімдердің қатарында Тәуке мен Керей бар, бұл ұлттық және тарихи есімдерге деген қызығушылықтың артқанын көрсетеді.

Филиалда туу туралы куәлік алу және некені тіркеу бойынша өтінімді онлайн түрде беруге болатыны еске салынды. Сондай-ақ, некені тіркеуге өтінімді дәстүрлі түрде таңдалған күнге дейін кемінде 15 күн бұрын АХАТ бөлімінде рәсімдеуге болады. Салтанатты неке қию рәсімін АХАТ қызметкері жүргізеді. Азаматтардың ыңғайлылығы үшін некені салтанатты түрде көшпелі тіркеу қызметі де ұсынылады.

Бөлісу