Ақпараттар ағымы

ТҮРКІСТАН: Жауапты мамандар шіркейдің қашан азаятынын айтты

Төрт аудан мен екі қалада шіркеймен күреске бюджеттен 643 млн теңге бөлінді.

Ташкентте жүлде иеленетін қазақ боксшыларға қосымша сыйақы белгіленді

Жарысты ұйымдастырып отырған Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) алтын жүлдегерлерге 200 мың доллар, күміске - 100, ал қолаға 50 мың доллар сыйақы белгілеген болатын.

Ердоған Түркиядағы жер сілкінісі салдарын жоюға атсалысқан құтқарушыларды марапаттады

Сексеннен астам ел өкілдері қатысқан шарада Қазақстан төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев "Жер сілкісіні салдарын жоюға көмек көрсеткені үшін" медалімен наградталды.

Такси жүргізушілер мен курьерлер ресми жұмысшы санатына енеді

Жаңа заң жобасы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Алматыда 12-қабаттағы пәтерге тонауға түскен "альпинист" ұры ұсталды

Түркістан облысынан келген 34 жастағы ер адам өнеркәсіптік альпинистік құрал көмегімен алматылықтардың пәтерлерін тонап келген.

Жапон компаниясының Айға алғашқы сапары сәтсіз аяқталды

Токиода орналасқан iSpace компаниясы қондырғыш модульдің Айға зерттеу үшін жол талғамайтын көлік, сондай-ақ көлемі теннис добындай барлау роботын қондырмақ болған.

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы басталды

Жиынға Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҚХА мүшелері, республикалық және облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысып жатыр.

Алматыдағы қонақүйде шетелдік қызды өлтіріп кеткен

Қонақ үйдің бөлмесінде 26 жастағы өзбекстандық қыздың денесі табылған.

ҰҚК Қазақстанның 11 аймағынан жүздеген қару-жарақ пен мыңдаған оқ-дәрі тәркіледі

Бұдан басқа, Алматы қаласында қарудың заңсыз айналымымен ірі көлемде айналысып келген қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді.

Қосшыда заңсыз тұрғын үй салғандар сотталды

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.