"Жарым мен ұлым мені қабылдамады": Әнші Сәкен Қалымов отбасындағы қиындықтары жайлы

0
74

Өнер иесінің айтуынша, жас кезінде серілік құрамын деп отбасынан айрылып қалған.


Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Танымал композитор, “Бүгін live” бағдарламасына берген сұхбатында отбасына қатысты жан сырын ақтарды, деп жазады stan.kz.

Өнер иесінің айтуынша, жас кезінде серілік құрамын деп отбасынан айрылып қалған. Ол бүгінде оны әйелі мен ұлының қабылдамай жүргенін айтты.

“Алдарынан өтейін деп арнайы Астанаға іздеп бардым. Мен жарымды да, баламды да кінәлаудан аулақпын. Қателік менен болды. Ол кезде жеңілтек өмір сүрдік, басқаша орта болды. Серілік құрып жүрген кезең еді, көп дүниеге атүсті қарадық. Астанаға мені құшақ жая қарсы алады деп барған жоқпын, әрине, бірақ тіл табыса алмадым. Мені қабылдамады. Енді дұғада боламын, бұйырған күні бәрі жақсы болар деген үміттемін. Ұлым анасымен бірге Астанада тұрады”, – деді ол.

Әнші кінә өзінен екенін мойындап отыр.