"Қайрат Нұртастың қызы" деп атаса ұнамайды": Алау Нұртас халыққа өкпелеп жүр

0
85

Желі қолданушысы “Сізге жеке тұлға ретінде емес, Қайрат Нұртастың қызы деп қарағаны көңіліңізге тие ме?” деп сұрады.


Фото: https://www.instagram.com/k.alauka/

ERNUR.KZ. Әнші Қайрат Нұртастың екінші қызы, биші, блогер Алау Нұртас тікелей эфирде оқырмандар сауалына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желі қолданушысы “Сізге жеке тұлға ретінде емес, Қайрат Нұртастың қызы деп қарағаны көңіліңізге тие ме?” деп сұрады.

"Әрине, көңіліме тигенде де қатты тиеді. Өйткені мен туғанда маған "Қайрат Нұртастың қызы" деген есім бермеген. Маған Алау деген есім берді. Менің атым – Алау. Тағы да айта кететін жайт егер маған: “Сен Қайрат Нұртастың қызысың ғой, суретке түссем бола ма” деп айтса, мен келісімімді бермеймін", – деді әншінің қызы.

Еске салайық, блогердің әжесі продюсер Гүлзира Айдарбекова бүкіл дүниесін немересі Алауға тастап кететінін айтқан еді.

“Бұл менің жекеменшік қызым – Алауым! “Ешкімге қойылмаған есімді қоямын, таңға дейін мені ешкім мазаламасын” деп бір бөлмеге жалғыз жаттым. Алғашқы қызығым Сезімді сезімтал болсыншы деп есімін қойып едім. Жаны нәзік болды. Енді “жұлқынып тұрған отты қыз болсын, көрген адамның көзін қарып кететіндей, жалындап тұрсын” деп Алау деген есімді ойдан құрадым. Енді бұл қызды ерекше жақсы көрем, әлі де арманым көп. Қызым, маған Алла өмір берсе, бриллианттарыма дейін сенікі, сен күшті билей бер!”, – деп жазды продюсер.