«Әннің сөзіне мән бермейді»: Қайрат Нұртас мұңды әніне секіріп билеймін деп сынға қалды (ВИДЕО)

0
180

​Бұл әнді алғаш рет қалың жұртшылыққа әнші Гауһар Әлімбекова алып шыққан болатын.


«Әннің сөзіне мән бермейді»: Қайрат Нұртас мұңды әніне секіріп билеймін деп сынға қалды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Әнші Қайрат Нұртас өзінің мұңды әніне секіріп билеймін деп жұрттың сынына ұшырады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Әнші концерттерінің бірінде «Перзент сыры» атты мұңды әніне көңілді ән секілді билеген.

Айта кетерлігі, бұл әнді алғаш рет қалың жұртшылыққа әнші Гауһар Әлімбекова алып шыққан болатын.

Желі қолданушылары Қайрат Нұртастың әні мен биі сай келмейтінін айтып, оң пікір білдіре қойған жоқ.

«Термені де бір күні осылай айтса таң қалмаңыздар», «Байкайсыңдар ма, жұрт әннің сөзіне мән бермейді», «Гауһардың әнін не істедің, Қайреке?», «Гауһар анасының хал үстінде жатқанда шығарған әні ғой», «Әннің быт-шытын шығарды ғой», «Бұлар адамды күйдіріп өлтіреді бар ғой», - деп жазды желі қолданушылары.