«Адалдықтың нәтижесі»: Ақботанұр Сейітмағамбет сүйінші жаңалығын айтты

0
231

​Әнші Instagram-да сүйінші сұрады.


«Адалдықтың нәтижесі»: Ақботанұр Сейітмағамбет сүйінші жаңалығын айтты

Фото: instagram/akbotanurabaykyzy

ERNUR.KZ. Қазақстан шоу-бизнесінің жарқын жұлдызы Ақботанұр Сейітмағамбет жаңа үй сатып алғаны туралы жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті. Ол бұл жетістігін көп жылғы еңбегінің жемісі деп атады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Әр кірпішінде – арман, әр терезесінде – үміт. Жаңа үй – жаңа тыныс, жаңа бетбұрыс. Қаншама еңбек терімнің жемісі. Құтты шаңырақ болсын!», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншіні құттықтап жатыр

Ақботанұрдың жазбасына мыңдаған жанкүйер жылы лебізін білдірді. Қолданушылар оның табандылығына риза болып, жаңа үймен шын жүректен құттықтады:

  • «Құтты болсын, берекелі шаңырақ болғай!»
  • «Еңбектің жемісі – адалдық пен табандылықтың нәтижесі»
  • «Кішкентай қыздың үлкен жетістігі!»
  • «Үйіңіз тек қуанышқа толы болсын!»

Естеріңізге сала кетсек, танымал әнші, актриса Ақботнұр Сейітмағамбет КешYou тобынан шығу үшін бұрынғы күйеуі Дәурен Айдарқұлов ақша төлеуге мәжбүр болғанын айтқан еді. Ал одан бұрын танымал актер Шерхан Пірназар осыдан бірнеше жыл бұрын отбасылы бола тұра әнші, актриса Ақботанұр Сейітмағамбетке неліктен сөз салғанын түсіндіріп берген болатын.

Сонымен қатар Ақботанұр Сейітмағамбет пен белгілі әнші Әділет Жауғашардың некелерін қиғаны туралы ақпарат тараған еді. Әрі оның ұлымен түскен видеосы жарияланып, жұртты тәнті етті. Сондай-ақ оның орамал тағып, бөтен ер адаммен жүрген видеосы жарияланды. Ал жыл басында әнші Мединада жүрген фотосын жариялап, ішкі әлеміндегі сезімдері жайлы ой бөліскен еді. Сонымен қатар жазба жариялап, жұртты ойға қалдырғаны да бар.