​ЖӨТЕЛДІ жеңу үшін МЫНАНЫ ішіңіз

0
4 793

Күніне 3 рет қабылдасаңыз, жөтелден құтыласыз әрі тыныс жолдарын емдейді.


​ЖӨТЕЛДІ жеңу үшін МЫНАНЫ ішіңіз

фото: myallergydr.com

Жөтелді антибиотикпен емдеуге асықпаңыз. Өйткені басқа да жолы бар. Жөтеле қалсаңыз, дәрі ішіп ағзаңызды уламаңыз. Одан да үй жағдайында мына әдісті қолданыңыз. Сонда жөтелден де арыласыз, ағзаңызға да зиянын тигізбейсіз.


Борсық майы

Құрамы А, Е, С дәрумендері мен минералды заттарға бай бұл май керемет қыздыратын қасиетке ие. Өкпе мен тыныс жолдарын суықтан қорғайды. Одан бөлек, тамырды кеңейтіп, қан айналымды жақсартады. Оған қоса, ағзаны бактерия мен токсиннен тазалайды. Сондықтан да жөтел қысып мазаңызды алса, борсық майын көкірегіңізге жағыңыз. Емді түнде ұйқыға жатар кезде жасаған жөн. Сыртынан жылы орап, жатыңыз. Емді 3 күн жүргізсеңіз, жөтелден құлан-таза айығасыз.


Шөптер жиынтығы

1. Жөтелді ингаляция жасау арқылы тез емдеуге болады. Ал егер ингалятор болмаса, онда шөптер жиынтығының көмегіне жүгінсеңіз болады. Ол үшін жалбызтікен (алтей), түймедақ (ромашка) және шырмауық (плющ) шөбін жақсылап ұнтақтаңыз. Сосын кеңдеу ыдысқа саласыз. Үстіне қайнаған су құйып, қақпағын жауып қойыңыз. Шамамен 5 минуттан соң ыдыстың қақпағын ашып, ыңғайлы жерге қоясыз. Өзіңіз (науқас) жайғасып оырып алып, ыдыстағы сумен терең тыныс алыңыз. Басыңызды жылы орап қойсаңыз болады. Шөп тұнбасының буын аузыңызды ашып жұтыңыз да, 5-7 минут отырыңыз. Бұл ингаляцияны күніне 2 рет жасасаңыз, нәтижесі тамаша болады.

2. Өгейшөп (мать-и-мачеха), түймедақ (ромашка) және жалбызтікен (алтей) шөптерін жақсылап ұнтақтап алыңыз. Оның әрқайсысынан 30 грамм алып, стақанға салыңыз. Үстіне қайнаған су құйып, тұндырып қоясыз. Шамалы суыған кезде сүзіп алып, шай ертінде ішіңіз.

Суыққа қарсы күресетін бұл тұнда ылғалды жөтелге керемет ем болады, қақырықты оңай түсіреді әрі тыныс алуды жеңілдетеді. Аталған тұнбаны балаларға да ішкізуге болады. бірақ бірнеше тамшы лимон шырынын қосуды ұмытпаңыз.

3. Андыз тамыры мен жолжелкен шөбін бірдей көлемде аласыз. оны ыдысқа салыңыз. Үстіне қайнаған су құйып, отқа қоясыз. Бірнеше минут қайнаған соң оттан алып сүзіп қойыңыз. Қайнатпа салқындаған соң бірдей көлемде қайнаған сумен араластырып, ем ретінде ішуге болады. Бұл емдік қайнатпа құрғақ жөтелді, бронхит пен трахеитті емдеуге қабілетті.

фото: narodnymi.ru


Бал қосылған сүт

Бұл ежелден қолданыстағы ем. Алдымен сүтті пісіріп аласыз. Бөлме температурасында салқындаған соң стақанға құйыңыз. Оған 2 шай қасық бал, 200 гр. май және бірнеше тамшы зәйтүн майын араластырып ішіңіз. Бұл қақырықтың шығуына ықпал етеді, тамағыңызды жібсітеді әрі тамақ ауруын басады.


Арпа

Аталған дәннің де жөтелді емдеп, иммундық жүйені жақсартатын қасиеті бар екен. Одан бөлек, көмекей без бен тыныс жолдарын қорғайды. Ол үшін арпа дәнінен тұнба дайындайсыз. 100 гр. дәнді тазалап жуып, салқын суға салып қойыңыз. Бір тәулік ыдыстың бетін жауып қоясыз. Осы уақыт өткен соң дәнді жуып, ыдысқа салыңыз. Үстіне салқын су құйып, отқа қоясыз. 10 минуттай қайнаған соң оттан алып, сүзіп қоясыз. Дайын болған емдік сусынды 1 ас қасықтан әр 2 сағат сайын ішесіз.

фото: heaclub.ru


Бүрген

Тамақ ауруларын емдеуге таптырмайтын «дәрі». 50 гр. бүрген жидегін 2 ас қасық бал қосып, блендермен жақсылап араластырасыз. Дайын болған езбені 1 стақан қайнаған суға салып, ыстық күйінде ішіңіз. Бұл емдік шайды күніне 3 рет ішсеңіз, жөтелден құтыласыз әрі тыныс жолдарын емдейді.


Итошаған

100 гр. итошаған жапырағын 1 литр қайнаған суға салып, араластырыңыз. шамамен 15-20 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, тамағыңызды үзбей шаясыз. Бұл тұнба тамақтың қызарғанын емдейді, ауруын басады, жөтелді қойдырады әрі жұтқыншақтың қабынуын емдейді.


Жоғарыда ұсынылған кез келген әдісті қолдана отырып, жөтелден біржолата айығуға болады. Ол үшін берілген мөлшер мен уақытты қатаң сақтайсыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: m.ilive.com.ua


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖӨТЕЛ мазалағанда ЖАЛБЫЗ шайын ішіңіз


БАУЫРДЫ емдейтін «СУПЕР» дәріні білесіз бе?


СӘБИ сүйгіңіз келсе ЖЕРЖАҢҒАҚ жеңіз