Әр ҮЙДЕ болуы тиіс ЕМДІК ШӨПТЕРДІ біле жүріңіз

0
5 700

Бұл шөптер кез келген дертке дауа бола алады


Әр ҮЙДЕ болуы тиіс ЕМДІК ШӨПТЕРДІ біле жүріңіз

фото: nh-star.ru

Бүгінде түрлі ауруға дәрілік шөптер мен өсімдіктерден шипа тауып жүргендер баршылық. Өйткені, дәріханада сатылатын дәрілердің кейбірінің жанама әсері болып, басқа ағзаны зақымдайды. Ал мына шөптерді ем ретінде қолдансаңыз, ешқандай да кері әсерін көрмейсіз. Ендеше, әрқайсысымыздың ас үйімізден табылатын емдік әсері күшті әрі жедел түрде көмектесетін «супер дәрілермен» бірге танысайық.


Райхан

Хош иісті бұл шөпті классикалық капрез салатын, песто тұздығын және басқа да көптеген дәмді тағамдарды дайындау кезінде қолданады. Жұпар аңқыған иісі мен ерекше дәмі тағамды түрлендірумен қатар, тәбет ашатындай тәтті етеді.

Ал ем ретінде қолданған кезде физикалық және жүйке жүйесіне түскен салмақты жеңілдетеді. Ағза мен тінді ластанудан қорғайды, токсиндер мен улы заттардан тазалайды.

Тамағына, салатына үнемі райхан (базилик) қосатындар қант диабеті ауруына шалдықпайды әрі қан қысымы қалыпты жүреді. Ал егер осы шөпті шайыңызға қосып ішсеңіз, есте сақтау қабілетіңіз нығайып, алаңдаушылық сезімі азаяды.


Жалбыз

Сіздің басыңыз, буыныңыз ауырып, етеккір келген кезде жер жастанып жатып қалсаңыз, онда жалбыз (мята) қосылған шай ішіңіз. Антисептикалық қасиеттерге ие жалбыз ерітіндісі ауыз қуысын сергітіп қана қоймайды, сонымен қатар тіс пен қызыл иектің ауруларының алдын алуға көмектеседі. Сондай-ақ, іштің ауыруы мен шаншуын да керемет басады.

Тіпті, жүйке жүйесінің де мәселесін шешіп, жүрегіңізді тыныштандырады. Егер қатты ашуланып, бойыңызды ыза кернесе, онда жалбыз қосылған ваннаға түсіңіз. Сол заматта-ақ тамаша нәтижесін байқайсыз.

фото: mcb-hval.srt.muzkult.ru

Сәлбен

Бұл өсімдіктің биохимиялық құрамы көптеген ауруларға ем болады. Нақтырақ айтқанда, қызыл иектің және тамақтың қабынуын емдейді. Асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартады, бауыр жасушаларын қалпына келтіреді, ішектерді ынталандырады және иммунитетті жақсартады. Ол үшін сәлбен (шалфей) қайнатпасын ішу керек.

Көптеген әйелдер бет терісі мен шаш күтімі үшін де сәлбен қайнатпасын пайдаланады.


Гүлшетен

Жеңіл қылқан жапырақты хош иісімен танымал гүлшетен (розмарин) өсімдігі көптеген аурулармен күресуге қабілетті. Егер гүлшетен қайнатпасына мақтаны малып, кез келген жараға, көгерген денеге таңсаңыз, ізі де қалмай тез жазылады. Сонымен қатар, саңырауқұлақ инфекцияларына қарсы көмектеседі. Жаңа піскен немесе кептірілген гүлшетен жапырақтарын үнемі тұтынатын болсаңыз, тамыр қабырғаларын нығайтуға, иммунитетті көтеруге, тіндердегі қан айналымын және микроайналым арнасын жақсартуға көмектеседі.


Ақжелкен

Ең қолжетімді өсімдіктердің бірі болып табылатын ақжелкен (петрушка) бронх-өкпе (жөтел, астма, тыныс алу проблемалары), бауыр, ұйқы безі ауруларына ем болады. Оған қоса, несеп-жыныс жүйесінің қызметін қалыпқа келтіреді, беттегі қара дақты ағартып, сепкілді кетіреді.

фото: s-zametki.ru


Рукола

Жеңіл салаттар дайындайтын дәмді өсімдік. Калориясы аз, сәйкесінше талшыққа өте бай рукола ішек жұмысын жақсартады, ағзаны қуаттандырады әрі аштықты сездірмейді. Сонымен қатар, иммундық жүйені нығайтуға, жүрек пен қан тамырларының жұмысын жақсартуға көмектеседі. Терінің, шаштың және тырнақтың жағдайын жақсартады.


Аскөк

Тағамға ерекше дәм мен әсемдік беретін аскөк (укроп) жаңа туған нәрестелердің іші желденген кезде таптырмайтын ем болады. Өсімдіктің ішек жұмысын қалпына келтіретін, ана сүтін көбейтетін қасиеті бар. Сонымен қатар, тыныс алу және несеп-жыныс жүйесінің қызметін жақсартып, қандағы холестерин деңгейін төмендетеді.


Қолдану ережесін сақтаңыз

Табиғи шөптер көптеген пайдалы қасиеттерге ие. Бірақ олардың биологиялық белсенділігі жоғары болғандықтан, оларды мөлшермен ғана қолдану керек. Әсіресе, жүкті әйелдер, қарт адамдар, балалар және аллергиямен ауыратындар өнімдерге өте сақ болғаны абзал.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: inplanet.net


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖӨТЕЛДІ жеңу үшін МЫНАНЫ ішіңіз


СӘБИ сүйгіңіз келсе ЖЕРЖАҢҒАҚ жеңіз


ДАРШЫН шайы БАСЫҢЫЗДЫҢ ауырғанын басады