Ол ер адамнан бопсалау арқылы 300 мың теңге алған, кейін тағы 100 мың теңге талап еткен.
фото: Sputnik / Anar Mustafayev
ERNUR.KZ. Ақтөбеде ер адамды бопсалады деген күдікпен әйел ұсталды, деп жазады sputnik.kz.
Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалау жасады деген күдікпен 33 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады. Күдікті 100 мың теңге алып жатқан кезде қылмыс үстінде қолға түскен.
"Полицияға арызданған ер адамның айтуынша, ол TikTok әлеуметтік желісі арқылы әйелмен танысқан. Кездесуден кейін олардың арасында жақын қарым-қатынас орнаған. Арада біраз уақыт өткен соң әйел одан ақша талап етіп, құқық қорғау органдарына өзін зорлады деген жалған арыз жазатынын айтып қорқытқан", – деді полиция.
Жәбірленуші қорыққанынан әйелге берген. Кейін күдікті тағы 100 мың теңге талап еткен. Ақшаны алу кезінде оны полиция қызметкерлері ұстаған.
Аталған факті бойынша бопсалау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.


