Жылу жүйелері әбден тозған қалалардың тізімі жарияланды

0
273

Қазіргі кезде 12 қалада жылу желілерінің тозу деңгейі өте жоғары – 65-91 процентке жетті.


Жылу жүйелері әбден тозған қалалардың тізімі жарияланды

ERNUR.KZ. Құрылыс және өнеркәсіп министрлігі жылу жүйелері әбден тозған қалалардың тізімі жариялады, деп жазады sputnik.kz.

Министр Қанат Шарлапаевтың айтуынша, қазіргі кезде 12 қалада жылу желілерінің тозу деңгейі өте жоғары – 65-91 процентке жетті. Ал орташа тозу деңгейі 73 процентті құрап отыр.
Қалалардың тізімі:
Екібастұз – 91%;
Павлодар – 83%;
Степногорск – 82%;
Атбасар – 76,5%;
Петропавл – 74%;
Ақтау – 71%;
Арқалық – 68%;
Рудный – 68%;
Семей – 68%;
Теміртау – 67%;
Кентау - 65%;
Риддер – 59,5%;
"Алдағы жылыту маусымын үздіксіз өткізу мақсатында аталған қалаларға 47,2 шақырымды жөндеуге 33 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар 90 шақырым жылу желілерін жаңғыртуға шамамен 46 млрд теңгеге қосымша қажеттілік бар", - деді Шарлапаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ал үкімет басшысы ЖЭО жөндеу жұмыстары уақытында аяқталмаса, меншік иелері мен әкімдіктерге шара қолданылатынын мәлімдеді.