Жылаған даусы естілген: Ақтөбеде қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды

0
104

​Куәгерлер пакет ішінен жаңа туған нәрестені байқап қалған. Қазір полиция сәбидің анасын іздеп жатыр.


Жылаған даусы естілген: Ақтөбеде қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды

фото:baq.kz.

ERNUR.KZ. Ақтөбеде қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды, деп жазады baq.kz.

Оқиға 23 мамыр күні Тұргенев көшесіндегі қоқыс контейнерлерінің маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, өтіп бара жатқан адамдар сәби жылаған дауысты естіп, пакеттердің бірін тексерген кезде оның ішінен жаңа туған баланы тапқан.

Оқиға куәгерлері нәрестені қоқыс жәшігінен шығарып алып, бірден полиция шақырған. Артынша оқиға орнына жедел жәрдем қызметі жеткен.

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, сәби дер кезінде медициналық мекемеге жеткізілген. Қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында.

23 мамыр күні Ақтөбе қаласында ішінде жаңа туған нәресте болған пакет табылды. Бала полиция қызметкерлерінің көмегімен дер кезінде медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта нәресте ауруханада жатыр. Полиция баланың анасын анықтауға бағытталған жедел іс-шараларды жүргізіп жатыр, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД.

Қазір құқық қорғау органдары сәбидің анасының жеке басын және жаңа туған баланың қоқыс жәшігіне қалай түскенін анықтап жатыр.