Жыл соңына дейін IT-қызметтер экспортының көлемін 1 млрд долларға жетеді - Бектенов

0
92


Жыл соңына дейін IT-қызметтер экспортының көлемін 1 млрд долларға жетеді - Бектенов

Photo : Пресс-служба правительства Казахстана

ERNUR.KZ. Астанада Digital Bridge халықаралық форумы жұмысын жалғастырып жатыр. Форумның пленарлық отырысына премьер-министр Олжас Бектенов те қатысты, деп жазады sputnik.kz.
Бектенов цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу ел дамуының басым бағыты екенін атап өтті.
Премьер Казахстана Олжас Бектенов выступил на форуме Digital Bridge в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2025
Премьер Казахстана Олжас Бектенов выступил на форуме Digital Bridge в Астане
Айтуынша, венчурлық инвестициялар қоры түріндегі акселератордың арқасында стартаптар ауқымды қаржыландыруға қол жеткізіп, жаһандық нарыққа шыға алады. Осы жылдың соңына дейін IT-қызметтер экспортының көлемін 1 млрд долларға жеткізу мақсатында стратегиялық жоспар жүзеге асуда.
Премьер Казахстана Олжас Бектенов выступил на форуме Digital Bridge в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2025
Премьер Казахстана Олжас Бектенов выступил на форуме Digital Bridge в Астане
"Жуырда құрылған Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің басты міндеті – келесі технологиялық серпіліске қол жеткізуді қамтамасыз ету. Осы мақсатта құқықтық базаны жетілдіріп, жасанды интеллект және IT-мамандарын қолдау шаралары кеңейтіледі", — деп атап өтті Бектенов.
Премьер-министр үкімет қуатты экономика құру мақсатында еліміз үшін маңызды жобаларды жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмысқа толықтай ашық екенін атап өтті.
Премьер Казахстана Олжас Бектенов выступил на форуме Digital Bridge в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2025
Премьер Казахстана Олжас Бектенов выступил на форуме Digital Bridge в Астане
Форумның нәтижесінде 30-дан астам маңызды меморандумға қол қойылды.
Бектенов Digital Bridge Awards сыйлығының лауреаттарына марапаттар табыс етіп, цифрлық шешімдер көрмесін аралады. Онда отандық IT-компаниялар мен стартап иелері өз әзірлемелерін ұсынды.
Премьер Казахстана Олжас Бектенов наградил победителей Digital Bridge Awards - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2025
Премьер Казахстана Олжас Бектенов наградил победителей Digital Bridge Awards
Іс-шара әлемнің 30-дан астам елінен келген инвесторлардың, сарапшылардың, стартаптар мен IT-компаниялардың өкілдерінен тұратын 30 мыңнан астам қатысушының басын біріктірді.
Бүгінде Қазақстан "электрондық үкіметті" дамыту бойынша әлемде 24-ші, онлайн қызметтер бойынша 10-шы орында тұр.