Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулыны жариялады.
фото: Sputnik / Абзал Калиев
ERNUR.KZ. Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылдың 29 қарашасына белгіленді, деп жазады sputnik.kz.
Сайлау күні республиканың Орталық сайлау комиссиясының отырысында бекітілді.
Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну мерзімі – 2026 жылғы 14 қазаннан 27 қазан сағат 18:00-ге дейін.
Партиялық тізімдерді тіркеу 1 қараша күні сағат 18:00-де аяқталады.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетінін жариялаған болатын.


