Аудармашылар, тарихшылар, математиктер мен редакторлардың жұмысын жасанды интеллект істей алады.
Фото: freepik.com
ERNUR.KZ. Жұмыс таңдап жүргенде, жұмыссыз қалуыңыз мүмкін. Жасанды интеллект дамыған сайын кей мамандықтар қажетсіз болады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Microsoft компаниясының зерттеуіне қарағанда, ең үлкен қауіп гуманитарлық салаға төніп тұр. Аудармашылар, тарихшылар мен жазушылардың міндетін нейрожелі қазірдің өзінде атқарып отыр.
«Мәселен, аудармашылардың жұмысының 98, тарихшылар, математиктер мен редакторлардың 90 пайыздан астам жұмысын жасанды интеллект істей алады», - деп хабарлады телеарна.
Стюардессалар мен кондукторлардың жұмысында дауыстық нұсқаулардан бастап жолаушыларға жеке қызмет көрсетуге дейінгі функциялар да автоматтандырылады.
Алмастыру қаупі жоғары кәсіптер тізіміне сауда өкілдері де кірді. Ал, жасанды зерде алмастыру қаупі төмен жұмыс топтарына десаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, құрылыс және тау-кен өнеркәсібі сынды мамандықтар кіреді.
Айта кетері, Қазақстанда ChatGPT платформасының нарықтағы үлесі – 94 пайызға жуық. Екінші орында Perplexity болса үздік үштікті Gemini түйіндейді.