Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болатыны да нақтыланады.
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ERNUR.KZ. Бүгін, 2025 жылдың 25 маусымында Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерге арналған маңызды ақпаратпен бөлісті. Қазақстанның болашақ студенттеріне грант конкурсына құжаттарды қабылдау 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылатыны жеткізілді, деп zakon.kz.
Сондай-ақ құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болатыны да нақтыланады.
Грант конкурсына қатысу үшін мына құжаттар қажет:
- жеке куәлік;
- ҰБТ сертификаты;
- 3х4 көлеміндегі фото;
- орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом;
- жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар;
- B167 "Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану" мамандығы үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек.
Қосымша ақпарат бойынша ЖОО-лардың қабылдау комиссияларына хабарласа аласыздар.
Айта кетсек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Болашақ" бағдарламасына енгізілген өзгерістер жайына тоқталып, оның тың жаңашылдығымен бөліскен болатын.