Биыл облыста 17,5 шақырым арық желісін жабдықтау қарастырылған.
фото: Жумабай Мусабеков
ERNUR.KZ. Бұл шара «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы асянда атқарылуда, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ақсу ауданы Қапал ауылында ұзындығы 2 шақырым, Ескелді ауданы Ақын Сара ауылы – ұзындығы 5,5 шақырым, Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылы – ұзындығы 2,6 км, Талдықорған қаласы ұзындығы 7,4 шақырым арық желісі салынады.
- Мен Ақын Сара ауылының тұрғынымын. Осы ауылда тұрып келе жатқаныма елу жылдан асты. Ауылымызда арық жүйесі Кеңес одағы кезінде кейбір көшелерде болған, кейін бұзылды. Бүгінгі күні көшелерді абаттандырып, халықтың игіліне жарайтын арық салып, біраз жұмыс атқарып жатыр, қуаныштымыз, - дейді ауылдық ақсақалдар алқасының мүшесі Нұртілеу Ибрагимов.