Жер сілкінісінен соң республикалық автожолдар шұғыл тексеріліп жатыр

0
96

Жамбыл облысында 3 күн бұрын магнитудасы 4,5 балдық жер дүмпуі тіркелді.


Жер сілкінісінен соң республикалық автожолдар шұғыл тексеріліп жатыр

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Соған байланысты республикалық маңызы бар автожолдар шұғыл түрде тексерілді, деп жазады inbusiness.kz.

"ҚазАвтожол" мамандары Меркі, Жамбыл, Жуалы, Байзақ, Қордай, Мойынқұм, Шу және Тұрар Рысқұлов аудандарын аралап, тас жолдардың жай-күйін жіті қарап шықты.

Бас-аяғы 14 жол айрығы, 8 теміржол өткелі мен ауыл шаруашылығы техникасына арналған 10 жол бөлігінің беріктігі сынақтан өткізілді.

Сонымен қатар 39 көпір мен 2 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің техникалық жағдайы тексеруден өткізілді. Нәтижесінде мамандар жол бойында ешқандай ақау жоқ екенін анықтады. Сондықтан көлік қозғалысына ешқандай шектеу жоқ.