Жер асты суларын іздеу, бағалау, бақылау және қорғау жұмыстары күшейтілді

0
167

Су саласын цифрландыру аясында Ұлттық ақпараттық жүйе құру көзделген.


 Жер асты суларын іздеу, бағалау, бақылау және қорғау жұмыстары күшейтілді

ERNUR.KZ. Жаңа Су кодексіне су шаруашылығы құрылыстарын есепке алу, олардың жағдайын бағалау, баламалы су көздерін пайдалану, еріген қар суын арнайы рұқсатсыз жинау және суаруға пайдалану, су нысандарын бақылау бойынша нақты нормалар енгізілді.

Кодекс сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, нөсер және дренаждық ағындарды реттеу, иесіз жүйелерді коммуналдық меншікке беру жөніндегі нормаларды қамтиды. Сондай-ақ өндірістік мақсаттарда ауыз судың орнына техникалық суды пайдалану және қызметтерді уақытша тоқтату және инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңарту бойынша техникалық аудит негізінде шаралар қабылдау көзделген. Бұл туралы ҚР су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, жер асты суларын іздеу, бағалау, бақылау және қорғау жұмыстары күшейтілді. Бұл мәселелермен Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрамындағы Ұлттық гидрогеологиялық қызмет айналысады.

«Су ресурстарын басқару жөніндегі шешімдер қабылдау процесіне қоғамның қатысуы кеңейтілді. Бассейндік кеңестер су пайдаланудың рұқсат етілген көлемдерін қысқарту тәртібі, су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы іс-шаралар, сондай-ақ кодексте жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде жергілікті атқарушы орган жіберген бұзушылықтарды түзету жөнінде ұсынымдар енгізе алады», – деді спикер.

Айта кетерлігі, Азаматтық, Жер, Кәсіпкерлік, Орман және Экология кодекстеріне және 13 заңға өзгерістер енгізілді.