Жеңіл көлікпен соқтығысқсан: Ақтауда мотоцикл жүргізушісі қаза тапты

0
153

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Жеңіл көлікпен соқтығысқсан: Ақтауда мотоцикл жүргізушісі қаза тапты

Фото: Lada.kz

ERNUR.KZ. Ақтауда жеңіл көлікпен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты, жеп жазады Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға кеше 3 және 1-шағынаудандардың арасындағы жолда болған.

Мәліметке сәйкес, көз жұмған мотоцикл жүргізушісі небәрі 20 жаста болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, «ВАЗ» маркалы жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан жас мотоциклші оқиға орнында қаза тапты.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік айып тұрағына қойылды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.