Дара кәсіпкер ретінде тіркелу мақсатында жылдық ең жоғары табыс мөлшері қазіргі кездегідей ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерінде емес, айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айқындалатын болады.
Фото: freepik
Атап айтқанда, түзетулер 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап келесі шарттардың біріне сәйкес келетін жеке тұлғалар дара кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жатады:
- тұрақты негізде жалдамалы жұмыс күшін пайдалану;
- жеке кәсіпкерліктен Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген, тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақының 360 еселенген мөлшерінен асатын жылдық кірісі бар.
Осылайша, дара кәсіпкер ретінде тіркелу мақсатында жылдық ең жоғары табыс мөлшері қазіргі кездегідей ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерінде емес, айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айқындалатын болады.
Тиісінше, кірістің ең жоғары мөлшері 12 АЕК-тен (жылына 1 020 000 теңге) 360 АЕК-ке (2025 жылы 1 415 520 теңге) дейін өседі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық несие агенттігінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.