"Жеке бақылауыма аламын": Балалар құқығы комитетінің төрағасы Қайрат Нұртастың қызына қатысты пікір білдірді

0
99

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Алау Нұртасты өз қорғауына алатынын мәлмдеді.


Фото: https://www.instagram.com/kaalau__/

ERNUR.KZ. Танымал әнші Қайрат Нұртастың қызы Алау Нұртасқа қатысты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова пікір білдірді, деп жазады stan.kz.

Бұл туралы ол "Qogam news" Youtube арнасына берген сұхбатында айтты.

Журналист Динара Сәтжан Насымжан Оспановаға әйгілі әншінің қызы әлеуметтік желіде видеолары үшін буллингке ұшырайтынын айтты. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Алау Нұртасты өз қорғауына алатынын мәлмдеді.

"Мен бұл іспен айналысамын. Біз құқықтық мемлекеттеміз, әлеуметтік желіде жағымсыз пікір білдіретіндерге жаза бар. Мен дәл қазір мұнымен айналысамын, ал өзі 111 номеріне хабарласса болады. Әркім өз ісімен айналысу үшін 111 номеріне хабарласқаны жеткілікті. Біз цифрлық мемлекетте жұмыс істейміз, сондықтан кез келген адамды табу қиын емес. Алғашқы ескерту 10 000 АЕК. Ал егерде "өзіне қол салуға" жеткізсе онда бұл қылмыстық іске айналады. Бұл жайлы сіздерден естіп отырғаным өкінішті, оның қайда оқитынын білу керек”, – деді Насымжан Оспанова.

Одан кейін өздерінің комитеті қалай жұмыс істейтінін айтып берді.

“Бізде демалыс деген жоқ. 111 номері де, QR арқылы да кез келген уақытта байланысуға болады. Осы жылдың ішінде 100 мыңға қоңырау келіп жетті. Осы қоңыраудан 35 мың адамның өмірін құтқарып қалдық", – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.