Саялы бақтар мен демалыс нысандары реттеліп, қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары жүзеге асырылды.
Бүгінде елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы үздіксіз жүргізіліп келеді. Осы орайда Әз Наурызды айшықтаған Наурызнама онкіндігі аясында ел көлемінде «Тазару күні» өткізіліп, көктем ең ерте келетін Түркістан өңірінде санитарлық-тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Экологиялық жұмыстарға облыстағы еріктілер мен белсенді жастар да атсалысып, көгалдандыру, тазалау және абаттандыру жұмыстарын атқарды. Саялы бақтар мен демалыс нысандары реттеліп, қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары жүзеге асырылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама экологиялық мәдениетті көтеруге, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті нығайтуға және мемлекеттік жастар саясатын дамытуға арналған.
Б.Мейірханұлы,
ERNUR.KZ


