Оқиға 7 қыркүйекте Ақмола облысы Ерейментау ауданында өткен 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Х дәстүрлі халықаралық турнир кезінде болды.
Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. Спортшының денесі Ақтөбеге жеткізілді, деп жазады inform.kz.
Жас спортшының денесі SCAT әуе компаниясының рейсімен жеткізілген. Оның жанында жаттықтырушысы мен тума-туыстары болды.
– Бахтияр Ахай – Ақтөбе қаласының тумасы. Белдесу кезінде қарсыласының әдісінен кейін басымен құлап, ауыр жарақат алып, өмірден озды. Қонақасы бүгін болады. Ал, ертең шығару рәсімі өтеді, - деп хабарлады спорт басқармасы.
Айта кетейік, оқиға 7 қыркүйекте Ақмола облысы Ерейментау ауданында өткен 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Х дәстүрлі халықаралық турнир кезінде болды. Ақтөбелік балуан күрес әдісін орындау кезінде мойын омыртқасынан ауыр жарақат алып, есінен танып қалған. Бұл турнир Алаш идеясы жолында жанын қиған қайраткерлер мен Перуаш Кәрімұлының рухына арналды.
Кейін дәрігерлер 2010 жылғы жасөспірім санитарлық авиациямен шұғыл Астана қаласындағы № 2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жеткізілгенін хабарлады.