Жамбылда полиция басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

0
186

Қазір құқық қорғау органдары бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме жариялаған жоқ.


Жамбылда полиция басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

Фото: Ішкі істер министрлігі
ERNUR.KZ. Жамбыл облысында Байзақ аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Талғат Сәрсенов пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазады Stan.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктіге қылмыстық істі рақымшылыққа байланысты тоқтату үшін 300 мың теңгекөлемінде ақша берілген. Ақшаны адвокат А.Б. Жаманбаева жеткізгені айтылып отыр.

Ақша беру фактісі тіркелгеннен кейін Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі ("Пара алу") бойынша жаңа қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратқа сәйкес, пара беруші ретінде көрсетілген азамат Қылмыстық кодекстің 104-бабы 1-бөлігі ("Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру") бойынша тергеліп жатқан басқа қылмыстық істің фигурантың бірі.

Қазіргі уақытта адвокат Жаманбаеваның процестік мәртебесі белгісіз. Оған қандай да бір айып тағылғаны туралы ресми ақпарат жоқ. Ол іс бойынша куәгер ретінде өтуі немесе тергеуге көмектесуі мүмкін.

Егер тергеу барысында адвокаттың заңсыз сыйақыны беруге қасақана қатысқаны анықталса, оның әрекетіне Қылмыстық кодекстің 368-бабы ("Парақорлыққа делдал болу") немесе істің мән-жайына қарай 367-бабы ("Пара беру") бойынша құқықтық баға берілуі мүмкін.

Қазір құқық қорғау органдары бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме жариялаған жоқ.