Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен Қарулы Күштердің жоғары басшылық құрамында маңызды кадрлық өзгерістер болды.
Фото: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен Қарулы Күштердің жоғары басшылық құрамында маңызды кадрлық өзгерістер болды. Мемлекет басшысының шешімімен Қорғаныс министрінің екі орынбасары мен Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды;
Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды;
Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.


