Жамбыл облысының әкімі аймақта іске асып жатқан инфрақұрылымдық жобаларды таныстырды

0
116

Жамбыл облысында көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 710 пәтер сатып алу жоспарлануда. «Әулие ата жастары» бағдарламасы аясында 140 жас отбасы баспанамен қамтылды.


Жамбыл облысының әкімі аймақта іске асып жатқан инфрақұрылымдық жобаларды таныстырды

ERNUR.KZ. Аймақтағы елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету де маңызды мәселелердің бірі. Ағымдағы жылдың соңына дейін 13,9 млрд теңгеге 24 ауылдық елді мекен және Тараз, Шу қалаларының 9 тұрғын алқабы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.

Нәтижесінде, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 100%-ға дейін жеткізу көзделген.

«Газдандыру аясында облыстың 6 ауданында 20,5 млрд теңгеге 14 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде, газбен жабдықтау деңгейі 91,3%-дан 91,8%-ға дейін жетеді. Облыс қалаларында жылу желілерінің ұзындығы 350,7 шақырым, тозу деңгейі – 54% құрайды. Ағымдағы жылы Тараз қаласында М-1 негізгі жылу магистралін жаңғырту және Жаңа мөлтек ауданында жылу желілерін кеңейту бойынша жұмыстар аяқталды. Қаратау қаласында мазут шаруашылығы және орталық қазандықтар қайта жаңғыртудан өтті. Сонымен қатар Тараз қаласында М-3 жылу желілерін жаңарту жүргізіліп, жоспарланған 1,4 шақырымның 50%-ы аяқталды. Нәтижесінде, жыл қортындысымен жылу желілерінің тозу деңгейі 53%-ға дейін төмендейді», – деді облыс әкімі.

Облыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 10 мың шақырым. Ағымдағы жылы автожол саласында 182 жобаны іске асыруға 28 млрд теңге бөлініп, құрылыс, қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстарымен 460 шақырым жол қамтылды. Нәтижесінде, жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдар үлесі 99,5%-ға, ал көше-жол желісі – 89%-ға дейін жеткізіледі.