Биыл 28 наурызда түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.
Скриншот Яндекс карта
ERNUR.KZ. Жамбыл облысында тағы да жер сілкінісі сезілді, деп жазады tengrinews.kz.
12 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 12:57-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 187 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.
"Жер сілкінісі Жамбыл облысы Қордай ауылында 2 балл болып сезілді. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түскен жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, биыл 28 наурызда түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуінің жоғары қарқыны 5 балл болды. Бұл Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді.