Ұсталған азамат 2011 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет еткен.
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
ERNUR.KZ. Тараз қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Жамбыл облыстық полиция департаментінің Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар басқармасында аға инженер болып жұмыс істеген полиция майорын ұстады, деп жазады inbusiness.kz.
Тұрғылықты жерін тінту барысында Калашников автоматы, 12 калибрлі шолақ мылтық, төрт Макаров Р-411 тапаншасы, түрлі калибрлі 400-ден астам оқ-дәрі, автомат пен мылтыққа арналған жабдықтар және мылтық тазалауға арналған құралдар табылып, тәркіленді.
Қазір тергеу жүріп жатыр, басқа мәліметтер жария етілмейді.