Ол облыс орталығының 25 жастағы тұрғыны болып шықты.
фото: Public Domain RyanKingArt
ERNUR.KZ. Тараз тұрғыны дрифт жасағаны үшін 10 тәулікке қамалды, деп жазады sputnik.kz.
Түнгі уақытта бейнебақылау камераларының біріне BMW автокөлігімен қауіпті дрифт жасау дерегі тіркелген.
"Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, ұстады. Ол облыс орталығының 25 жастағы тұрғыны болып шықты", - деп жазылған хабарламада.
Жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзғаны үшін ол сот шешімімен 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Автомобиль жолдарында дрифт жасау және жол қозғалысына қауіп төндіретін өзге де қауіпті маневрлер жасау заңнамада көзделген жауапкершілікке, оның ішінде әкімшілік қамауға әкеп соғады, дейді полицейлер.


