Жамбыл облысында 15 жастағы қыз босанды: Күдікке әскери адам ілінді

0
86

16 жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түсу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Жамбыл облысында 15 жастағы қыз босанды: Күдікке әскери адам ілінді

Фото: oxu.az

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында кәмелетке толмаған 15 жастағы қыз сәбиін дүниеге әкелді. Баланың әкесі ретінде бұрынғы Ұлттық ұланның қатардағы жауынгері танылып отыр, деп жазады stan.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, баланың әкесі ретінде бұрынғы Ұлттық ұланның қатардағы жауынгері күдікке ілінген.

Полиция қызметкерлері бұл заңбұзушылықты өңірдегі оқу орындарының бірінде жүргізілген профилактикалық жұмыс барысында анықтаған. Ақпарат түскен соң, олар тексеру бастап, 16 жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түсу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдікті Ұлттық ұланның бұрынғы қатардағы жауынгері. Қазір ол тергеу астында. Алайда күдіктінің қамауда отырғаны немесе бостандықта жүргені әзірге белгісіз.

“Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, заңбұзушылықты полицейлер оқу орындарының бірінде жүргізілген профилактикалық іс-шара барысында анықтаған. Ақпарат белгілі болғаннан кейін тексеріс басталып, Қылмыстық кодекстің 16 жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түсу дерегі бойынша іс қозғалды”, – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда тергеу амалдары басталып кетті.