Құжатта орта мерзімді кезеңге арналған өзгерістер де қарастырылған.
көрнекілік фото: ЖИ
ERNUR.KZ. Қазақстанда мұрағат ісі мен ветеринария саласының мамандары еңбек жағдайына байланысты жаңа қосымша төлемдер мен үстемақылар ала бастады. Тиісті Үкімет қаулысы күшіне енді, деп жазады stan.kz.
Үкіметтің №564 қаулысына сәйкес, жаңа нормалар 2026 жылғы 30 маусымнан бастап күшіне енді. Өзгерістер бірнеше бағытты қамтиды:
- Еңбек жағдайына байланысты қосымша төлемдер: Енді ветеринария және мұрағат ісі саласының мамандары заңнамада көзделген үстемақыларды ресми түрде алуға құқылы.
- Ауылдағы мамандарды қолдау: Ауылдық жерде жұмыс істейтін мамандарға жергілікті мәслихаттардың шешімімен лауазымдық жалақысына кемінде 25 пайыз көлемінде үстемеақы белгіленеді.
Құжатта орта мерзімді кезеңге арналған өзгерістер де қарастырылған. Атап айтқанда, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне қосымша арттыру коэффициенті енгізіледі. Соның нәтижесінде олардың лауазымдық жалақысы 1,75 есеге өседі.


