Жақ сүйегі сынып, екі тісі түсіп қалған: Қызды қағып, қашып кеткен электровелосипед жүргізушісі ұсталды

0
299

​12 жастағы қыз ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Оқиға орнынан қашып кеткен 58 жастағы ер адамды полиция анықтады.


Жақ сүйегі сынып, екі тісі түсіп қалған: Қызды қағып, қашып кеткен электровелосипед жүргізушісі ұсталды

фото:baq.kz.

ERNUR.KZ. Ақтөбеде 12 жастағы велосипедші қызды қағып, оқиға орнынан кетіп қалған электровелосипед жүргізушісі полиция тарапынан анықталды, деп жазады baq.kz.

Оқиға 30 шілде күні Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, электровелосипедті басқарған ер адам велосипедпен келе жатқан кәмелетке толмаған қызды қағып кеткен.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға "Сазды" аялдамасының маңындағы тротуарда болған. Зардап шеккен қыздың анасының айтуынша, курьер жоғары жылдамдықпен келіп соқтығысқан. Салдарынан 12 жастағы қыздың жоғарғы жақ сүйегі мен бетсүйегі сынған, екі тісі түсіп қалған. Оқиғадан кейін жүргізуші тоқтамай, зардап шеккен балаға көмек көрсетпестен кетіп қалған.

Қыз жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, қазіргі уақытта стационарда ем қабылдап жатыр.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында электровелосипед жүргізушісінің жеке басы анықталған.

Полиция қызметкерлері 58 жастағы электровелосипед жүргізушісін анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу аяқталғаннан кейін тиісті құқықтық баға беріледі.

Бұған дейін Астанада көлік ішінде отырып тапаншамен оқ атқан ер адам жауапқа тартылғаны туралы хабарладық. Мас күйінде қоғамдық орында қару қолданған азамат бірнеше бап бойынша жауапқа тартылды.

Тағы оқи отырыңыз: Таиландта жоғалған ресейлік бауырларды мотоцикл үшін өлтіріп кеткен: Күдіктілер ұсталды