Сәуірде жыл соңына дейін ел бойынша 112 жайлы мектеп пайдалануға берілетіні белгілі болды.
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
ERNUR.KZ. 2025 жылғы 30 сәуірдегі Үкімет қаулысымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына өзгерістер енгізілді, деп жазады inform.kz.
Атап айтқанда, ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары нақтыланды. Осылайша екі ауысымда оқитын мектептер мәселесін шешу үшін кемінде 460 400 оқушы орнымен қамту жоспарланып отыр:
— 2024 жылы — 257 000 жаңа оқушы орны (бұрын 260 600 орын жоспарланған болатын);
— 2025 жылы — 203 400 жаңа оқушы орны (бұрын 199 800 орын жоспарланған).
Апатты жағдайдағы мектептерді азайту:
— 2023 жылы — 0,2%;
— 2024 жылы — 0,2%;
— 2025 жылы — 0,1%.
Ұлттық жобаға сәйкес 460 400 жаңа оқушы орнын (екі ауысымды оқыту жағдайында) салу жоспары:
2024 жылы — 454 000 орын;
2025 жылы — 6 400 орын.
Жайлы мектептерді пайдалануға беру үлесі:
— 2024 жылы — 50,6%, оның ішінде: қалаларда — 30,3%, ауылдарда — 20,3%;
— 2025 жылы — 100%, оның ішінде: қалаларда — 60,9%, ауылдарда — 39,1%.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Сәуірде жыл соңына дейін ел бойынша 112 жайлы мектеп пайдалануға берілетіні белгілі болды.