​Жай нөмірден - VIP нөмірге дейін: Автомобиль нөмірлерінің жаңа бағасы жарияланды

0
309

Сәуірде Мәжіліс Салық кодексі мен оған ілеспен заңды қабылдады, қазір заң жобасы Сенаттың қарауында.


​Жай нөмірден - VIP нөмірге дейін: Автомобиль нөмірлерінің жаңа бағасы жарияланды

Фото: polisia.kz

ERNUR.KZ. Қазақстандық жүргізушілер жуырда автомобиль нөмірлеріндегі әріптер мен сандардың кез келген комбинациясын таңдай алатын болады. Бұл мүмкіндік жаңа Салық кодексі жобасы аясында қарастырылып отыр, деп жазады inform.kz.

Сәуірде Мәжіліс Салық кодексі мен оған ілеспен заңды қабылдады, қазір заң жобасы Сенаттың қарауында.

Егер Сенат қабылдаса, онда қазақстандықтардың ерекше мемлекеттік автомобиль нөмірлерін қалтасына қарай төмендегі бағаға сатып алу мүмкіндігі болады:
010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 автокөлікке - 57 АЕК (224 124 теңге);
010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 автокөлікке бірдей әріптік белгілермен - 114 АЕК (448 248 теңге);
100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 автокөлікке - 137 АЕК (538 684 теңге);
100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 автокөлікке бірдей әріптік белгілермен - 194 АЕК (762 808 теңге);
001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 автокөлікке - 228 АЕК (896 496 теңге);
001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 автокөлікке бірдей әріптік белгілермен - 285 АЕК (1 120 620 теңге).
Мемлекеттік нөмірлер мен олардың бағасы туралы толығырақ сілтемеге өтіп танысуға болады.
Еске салайық, 30 сәуірде Мәжіліс Салық кодексін қабылдады.