Жағдайы күрт нашарлаған сәби Астанаға ТЖМ тікұшағымен шұғыл жеткізілді

0
109

Сәбиге шұғыл медициналық көмек қажет болды.


Жағдайы күрт нашарлаған сәби Астанаға ТЖМ тікұшағымен шұғыл жеткізілді

ERNUR.KZ Шұғыл түрде медициналық көмек қажет болған нәресте ТЖМ тікұшағымен елорда ауруханаларының біріне жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz.


Министрліктің мәліметіне сүйенсек, "Қазавиақұтқару" тікұшағы Астана – Павлодар – Астана бағыты бойынша санитарлық рейсті орындаған.

"Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында бала аман-есен жеткізілді", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрліктің баспасөз қызметі тікұшақтары елді мекендердің бір-бірінен алшақтығы жағдайында шұғыл медициналық көмек көрсетуге әрдайым дайын екенін атап өтті.