Мұндай қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленіп, 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
ERNUR.KZ. Бас прокуратура мен қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктерінен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп жазады sputnik.kz.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеу жарияланды. Биыл тамызда ол Абу-Даби қаласының аумағында ұсталды.
"Ол бұрын да осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған. Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды", - дейді Бас прокуратура.
Мұндай қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленіп, 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.